Astana Branch
Astana Branch Home Page > Notice Information > details

Қазақстан-Қытай достығы мен халықтар арасындағы байланысты нығайту —— China Construction Bank Corporation Astana Branch Филиалы жеке қайырымдылық қоры

Published time: 2023-07-06

28 маусымда Қазақстандағы мұсылмандардың басты мерекесі Құрбан Айтына орай China Construction Bank Corporation Astana Branch Филиалы «Адал Ниет Астана» жеке қайырымдылық қорына қайырымдылық көмек көрсетті.

Филиал қызметкерлерімен 535 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетіліп, 80 дана киім-кешек және басқа да материалдар берілді. Филиал қызметкерлері қайырымдылық қорының тұрғындарын шын жүректен Құрбан Айт мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, бақ пен береке, бірлік пен татулық, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігіне жанашырлығын білдірді.

China Construction Bank Corporation Astana Branch Филиалы 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстанның астанасында Астана Халықаралық Қаржы Орталығында (АХҚО) ресми түрде ашылған болатын. Бұл АХҚО-да тіркелген, Қытай тарапынан қаржыландыратын бірінші коммерциялық банк болып есептеледі. Филиал ашылған сәттен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды түрлі арналар арқылы дамыту мақсатында «Бір белдеу, бір жол» бастамасын белсенді түрде жүзеге асырып, қаржылық қызметтер көрсетіп, әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Филиал ауруханаларға, қайырымдылық ұйымдарына, оқу орындарына, қарттар үйлері мен балалар үйлеріне киім-кешек, өмірлік қажетті заттар, эпидемияға қарсы және суық тиюге қарсы материалдар түрінде бірнеше мәрте көмек көрсетті. Жергілікті қайырымдылық ұйымдары мен білім беру мекемелеріне жасалған қайырымдылық CCB Group мекемесінің қоғамдағы және нарықтағы әлеуметтік имиджі мен беделін қалыптастыруда.

 

 

Font:
small medium Large
中文 \ENGLISH